Жаңа электрмобильдер нарығының даму бағыт-бағдарын айқындайды.
2026 жылы Toyota, Hyundai, BMW, Chevrolet сияқты ірі әлемдік брендтер бірден бірнеше жаңа электрмобиль моделін нарыққа шығармақ. Caranddriver мәліметі бойынша кейбірі ресми түрде расталса, енді бірі әзірге алдағы жоспардың еншісінде тұр. Дәл осы модельдер 2026-2027 жылдары электрмобиль нарығының бағыт-бағдарын айқындайды. Оның ішінде Қазақстан үшін де маңызды болады.
Toyota bZ4X электр кроссовері айтарлықтай жаңарды. Модельдің динамикасы мен энергия тиімділігі жақсарған.
Қозғалтқышы жетілдірілді әрі қосымша опциялар кеңейтілді. Бұл өзгерістер bZ4X-ті күнделікті қолдануға арналған электрмобильдер сегментінде бәсекеге қабілетті ете түсті.
Тағы бір жапондық өндіруші 2026 жылғы Subaru Uncharted моделін таныстырды. Ол толық жетекті нұсқасы бар, шағын кроссовер. Автокөліктің қуаты 338 ат күшін, ал жүріс қоры шамамен 480 шақырым.
Модель фирмалық аспасымен жабдықталған және жеңіл жолсыз жерлерге бейімделу әлеуетіне ие. Бұл электрмобильдер арасында сирек кездесетін ерекшелік.
Сарапшылар бұл жаңалықты бренд үшін маңызды қадам деп бағалап отыр. Себебі Subaru бұған дейін негізінен дәстүрлі толық жетекті автокөліктерімен танымал болған.
Honda 2026 жылы өзінің 0 Series бренді аясында электрмобильдер платформасын дамытуды жалғастырмақ.
Көп ұзамай мынадай модельдер шығуы мүмкін:
BMW де батареялы көлік тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр:
Audi 2027 жылға дейін жаңа TT EV моделін шығармақ. Ол – спорттық электрмобиль, дәстүрлі TT мен R8 арасындағы модель. Аталған көлік жылдам, EV стилін іздегендерге тартымды болуы мүмкін. Дегенмен, ол Porsche деңгейіндегі суперкар емес.
Kia да электрмобильдер желісін кеңейтуді әрі қарай жалғастырмақ. Ал Hyundai Motor Group аясында жаңа модельдер пайда болады:
Chevrolet 2026 жылы жаңа Bolt моделін сатылымға шығаруға дайындалып жатыр. Автокөліктің жетілдірілген электр қозғалтқышы, LFP батареясы болады. Жүріс қоры шамамен 410 км.
Toyota-ның премиум суббренді Lexus өкілдері Lexus LFA EV моделін жоспарлап отырғанын айтты.
Жоғары өнімді электрлі спорткар тек 2029 жылға қарай шығарылады. Ал одан бұрын автосалондарда Lexus TZ электркроссовері мен Lexus ES EV батареялық седаны пайда болады. Бұл Toyota-Lexus компаниясының электрмобильдер болашағына деген маңызды көзқарасын көрсетеді.
Жақын арада қытайлық, америкалық, еуропалық және ресейлік өндірушілер жаңа модельдерін таныстырады. Ferrari, Bentley, Jaguar, Rolls-Royce сияқты премиум брендтер де электркроссоверлерін шығарады. Ал «халықтық» маркалар EV және гибридтік модельдер желісін кеңейтпек.