Шаңсорғыш шығарушы компания енді суперкар сатпақ (ФОТО)
Қытайлық көліктер көпшілік назарына CES көрмесінде ұсынылды. Бір қызығы, олар Bugatti мен Ferrari-ге ұқсайды.
Dreame Technology компаниясы CES көрмесінде (Лас-Вегас) көпшілікке бірден үш электркөлігін таныстырды. Екеуінің күштік құрылымы 2000 ат күшіне пара-пар. Ал дизайн шешімдері әлемдік суперкарларды еске түсіреді.
Автоөндірістегі жаңа қадам
Былтыр күзде Dreame Technology автомобиль нарығына кіретінін жариялап, бірнеше концепт-рендерін көрсеткен болатын. Сол кезде-ақ компанияның болашақ модельдері Bugatti, Ferrari және Porsche стиліне ұқсастығымен қызу талқыға түскен еді. Мәселен, Dreame-нің алғашқы суперкары төрт есікті Bugatti формасына жақын.
CES көрмесінде таныстырылған алғашқы модель — Nebula брендіне тиесілі Next 01 концептісі.
Негізгі сипаттамалары:
- Төрт электрқозғалтқыш
- Жалпы қуаты: 1900 ат күшінен асады
- 0–100 км/сағ: 1,8 секунд
- Уақытша қуатты 30%-ға арттыратын жүйе бар
Сырт келбеті жағынан Next 01 соңғы Ferrari флагмандары мен Bugatti-дің Brouillard купесіне ұқсайды.
Kosmera: Bugatti стиліндегі екі электркар
Қалған екі модель Kosmera брендімен ұсынылды. Әзірге ресми атауы жоқ, алайда қытайлық БАҚ дерегі бойынша, бұл көліктер сериялық өндіріске Next 01-ден бұрын шығуы мүмкін.
Бірінші Kosmera:
- Төрт есікті Bugatti стилі
- Алдыңғы бөлігінде таға тәрізді радиатор торы
- Бүйір сызықтары Porsche-ні еске салады
- Қуаты: 1903 ат күші
- Белсенді аспа жүйесі
- Кейбір шанақ элементтері 3D-принтерде басып шығарылады
Екінші Kosmera:
- Bugatti-ге тән C-тәрізді бүйір элементі
- Артқы бөлігінде қос әйнекті жүксалғыш қақпағы
- Техникалық сипаттамалары әзірге жарияланған жоқ
Оқи отырыңыздар:
2026 жылы елде қай жолдар жөнделеді?