Бұл туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысынан кейін белгілі болды.
2025 жылы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында Қазақстанға электрмобиль әкелуге арналған жеңілдетілген квота ұзартылмайды. Бұл туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысынан кейін белгілі болды, деп хабарлайды kolesa.kz.
Биыл комиссия жеке пайдалану үшін 15 мың электрмобильді кедендік баж салығынсыз және қосылған құн салығын (ҚҚС) төлемей әкелуге рұқсат берген. Алайда бұл квота қазан айының ортасында толық игеріліп қойған.
Импорттаушылар мен брокерлердің айтуынша, жеңілдік мерзімі аяқталғанға дейін мыңға жуық электрмобильді рәсімдеп үлгермеген. Қарашаның соңында «Нұр жолы» өткізу бекетінің уақытша сақтау қоймасында 50-ден аз көлік қалғаны анықталды. Ал Алматы мен өзге қалалардағы қоймаларда қанша электрмобиль тұрғаны белгісіз.
ЕАЭО елдері 2025 жылға қосымша квота беру және жеке тұлғаларға арналған жеңілдікті ұзарту туралы ұсынысты Еуразиялық экономикалық комиссияға жолдаған. Алайда 11 желтоқсанда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында бес елдің ешқайсысы квота арқылы рәсімделмей қалған көліктердің нақты тізімін ұсынбаған. Осыған байланысты:
Квотаға үлгермеген көліктер жеңілдіксіз рәсімделуі тиіс. Егер электрмобиль ЕАЭО елдеріне экспортталмаса, кедендік баж салығы алынбайды.
Импорттаушылар мынадай төлем жасауы қажет: