Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қыста көлікті қыздыру тәртібі өзгереді

Сарапшы, спорт журналисі

Енді аулада машинаны қанша минут қыздыру керек екенін әр өңір өзі белгілейді.

Қыста көлікті қыздыру тәртібі өзгереді
Сурет: ашық дереккөздерден

Мәжіліс «Жол қозғалысы туралы» ҚР Заңына енген өзгерісті екінші оқылымда мақұлдады. Құжат авторлары елді мекенде қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған автомобиль тұрғындарға қолайсыздық туғызса және «тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік үшін атқарушы орган белгілеген уақыттан асып кетсе» аулада тұруға тыйым салуды ұсынған. Тыйым электрокар мен арнайы көліктерге әсер етпейді.

Демек депутаттар бірнеше жылдан бері талқыға түсіп жатқан «аулада автомобильді қанша минут қыздыру керек?» деген сұраққа жауап беру құзыретін әкімдіктерге беріп отыр. Мұны орынды шешім деуге болады, өйткені әр өңірдің климаты мен экологиялық жағдайы әртүрлі, оны бір стандартқа сыйғызу қиын. Оның үстіне, жергілікті ережені түзету заңға өзгеріс енгізгеннен әлдеқайда оңай.

Осы құжатта Астана мен Алматыда ғана ақылы коммуналдық автотұрақ болады деп жазылған. «Жол қозғалысы туралы» заңнан республикалық маңызы бар қалаларға қатысты тармақ алынды. Демек Әкімшілік кодекске өзгеріс енген соң екі астанада ғана тұрақ ақысын төлемегендер айыппұл арқалайды.

Түзету Сенатқа жолданды, одан кейін президент қол қояды. Заң қабылданған соң алты айдан кейін күшіне енеді. Демек биыл қыста көлік қыздыру уақыты қолданыстағы ереже бойынша анықталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір