Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Биыл қай жолдар жөнделеді?

Сарапшы, спорт журналисі

Ел бойынша 11 мың шақырымнан аса тасжол салу және жөндеу көзделіп отыр. 

Биыл қай жолдар жөнделеді?
kz.kursiv.media

2026 жылы Қазақстанда 11 мың шақырымнан астам автожол салу және жөндеу жоспарланып отыр. Бұл туралы көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, жол инфрақұрылымын дамыту бірнеше бағыт бойынша жүзеге асады:

  • 2,3 мың шақырым — жаңа жол салу және реконструкциялау;
  • 5 мың шақырым — күрделі және орташа жөндеу;
  • 4 мың шақырым — жергілікті маңызы бар жол желісін дамыту жобалары.

Басым жобалар тізімі

2026 жылы іске асырылатын негізгі республикалық жобалардың қатарында:

  • Қызылорда – Жезқазған;
  • «Орталық – Батыс» дәлізі;
  • Ақтөбе – Ұлғайсын;
  • Қарағанды – Жезқазған бағыттары бар.

«Барлық жоспарланған іс-шара мен қажетті техникалық-экономикалық негіздеме алынды, жұмыс штаттық режимде жүргізіліп жатыр, қажетті қаржы көзделген», — деді Мақсат Қалиақпаров.

Ірі елді мекендердің ішкі көлік жүктемесін азайту мақсатында айналма жолдарды салу және қайта жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінеді. Атап айтқанда, Сарыағаш, Қызылорда, Петропавл және Рудный қалаларының айналма жолдары бойынша жобалар жүзеге асырылады.

Сонымен қатар келесі бағыттарда жол жөндеу және құрылыс жұмыстары жоспарланған:

  • Жезқазған – Петропавл;
  • Атырау – Орал;
  • Жаңаөзен – Кендірлі;
  • Мұқыр – Құлсары;
  • Макинск – Ақсу – Торғай.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір