"Дакар-2025" чемпионы марафонды ерте аяқтады
Сауд Арабиясының шабандозы, "Дакар-2025" ралли-марафонының жеңімпазы Язид әл-Раджи биылғы жарысты мерзімінен бұрын тоқтатты.
leaders-mena.com
Техникалық ақау титулды қорғауға мүмкіндік бермеді
Ол жол талғамайтын көліктер санатында OVERDRIVE RACING командасы құрамында Toyota тізгіндеп жүрген еді.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, әл-Раджи көлігіне байланысты мәселелерге тап болған. Ол арнайы кезеңнің 234-шақырымында жарыстан шығатынын мәлімдеген.
Cross-Country Rally News дерегінде де "техникалық ақау салдарынан былтырғы чемпионның жалпы есептегі жеңіске деген үміті азайып, титулын қорғай алмайтыны" атап өтілді.
Үшінші кезеңнен кейін көшбасшы ауысты
Сейсенбі күні өткен үшінші кезеңнен соң жол талғамайтын көліктер есебінде көшбасшылық Митч Гатридің (Ford) қолына өтті.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet