Шаңсорғыш шығарушы компания енді суперкар сатпақ (ФОТО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қытайлық көліктер көпшілік назарына CES көрмесінде ұсынылды. Бір қызығы, олар Bugatti мен Ferrari-ге ұқсайды. 

Шаңсорғыш шығарушы компания енді суперкар сатпақ (ФОТО)
kolesa.kz

Dreame Technology компаниясы CES көрмесінде (Лас-Вегас) көпшілікке бірден үш электркөлігін таныстырды. Екеуінің күштік құрылымы 2000 ат күшіне пара-пар.  Ал дизайн шешімдері әлемдік суперкарларды еске түсіреді.

Автоөндірістегі жаңа қадам

Былтыр күзде Dreame Technology автомобиль нарығына кіретінін жариялап, бірнеше концепт-рендерін көрсеткен болатын. Сол кезде-ақ компанияның болашақ модельдері Bugatti, Ferrari және Porsche стиліне ұқсастығымен қызу талқыға түскен еді. Мәселен, Dreame-нің алғашқы суперкары төрт есікті Bugatti формасына жақын.

Фото: kolesa.kz

CES көрмесінде таныстырылған алғашқы модель — Nebula брендіне тиесілі Next 01 концептісі.

Негізгі сипаттамалары:

  • Төрт электрқозғалтқыш
  • Жалпы қуаты: 1900 ат күшінен асады
  • 0–100 км/сағ: 1,8 секунд
  • Уақытша қуатты 30%-ға арттыратын жүйе бар

Сырт келбеті жағынан Next 01 соңғы Ferrari флагмандары мен Bugatti-дің Brouillard купесіне ұқсайды.

Фото: kolesa.kz

Kosmera: Bugatti стиліндегі екі электркар

Қалған екі модель Kosmera брендімен ұсынылды. Әзірге ресми атауы жоқ, алайда қытайлық БАҚ дерегі бойынша, бұл көліктер сериялық өндіріске Next 01-ден бұрын шығуы мүмкін.

Бірінші Kosmera:

  • Төрт есікті Bugatti стилі
  • Алдыңғы бөлігінде таға тәрізді радиатор торы
  • Бүйір сызықтары Porsche-ні еске салады
  • Қуаты: 1903 ат күші
  • Белсенді аспа жүйесі
  • Кейбір шанақ элементтері 3D-принтерде басып шығарылады
Фото: kolesa.kz

Екінші Kosmera:

  • Bugatti-ге тән C-тәрізді бүйір элементі
  • Артқы бөлігінде қос әйнекті жүксалғыш қақпағы
  • Техникалық сипаттамалары әзірге жарияланған жоқ

Оқи отырыңыздар: 

2026 жылы елде қай жолдар жөнделеді?

Биыл электрмобильдерге квота берілмейді

Астанада қандай тұрақтар тегін болады?

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір