Жеңіл рельсті көлік жүйесі биыл пайдалануға беріледі.
Астана қаласында LRT (Light Rail Transit) жүйесі қазір сынақтан өтіп жатыр. Қалалық әкімдіктің мәліметі бойынша, жоба жоспарға сай жүзеге асса, биыл толық аяқталып, жолаушыларға қызмет көрсете бастайды.
Әкімдік таратқан ақпаратқа сәйкес, LRT желісінің жалпы ұзындығы – 22,4 шақырым, ал бағыт бойында 18 станция орналасады. Ол елорданың негізгі көшелері мен маңызды нысандарын қамтиды.
LRT қозғалысы:
Сонымен қатар, LRT жобасының екінші кезеңіне қатысты техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық-сметалық құжаттама әзірленбек. Қазір Шыңғыс Айтматов көшесі бойында инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, былтыр жыл соңында сынақ мерзімі екі айда аяқталады деп жоспарланған. Жалпы LRT құрылысына 332,4 млрд теңге жұмсалған.