Алматыда 700-ден астам мас жүргізуші ұсталды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 14:14

Жыл басынан бері қалада 850 мыңға жуық жол ережесін бұзу дерегі тіркелген. 

ru.sputnik.kz

Алматыда жол қауіпсіздігін күшейту аясында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 700-ден астам мас жүргізуші анықталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов тұрғындармен есептік кездесу барысында мәлімдеді.

Айдын Қабдулдиновтың айтуынша, Алматы — көлік ағыны ең жоғары қалалардың бірі. Сондықтан жолдағы тәртіпті сақтау — қауіпсіздіктің негізгі факторы.

"Жолдағы әрбір құқық бұзушылық – адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген әлеуетті қауіп. Біздің міндет – мұндай фактілерді анықтау ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысына қатысушылардың барлығында жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру", — деді ол.

Статистика: құқықбұзушылықтар азаймай тұр

Жыл басынан бері Алматыда 850 мыңға жуық жол ережесін бұзу дерегі тіркелген. 

  • 700+ жүргізуші мас күйде ұсталған
  • 724 адам жүргізу құқығынсыз көлік басқарған
  • 960 адам жүргізуші куәлігінен айырылса да, қайта рөлге отырған.
Реклама
Реклама