Жарнама
Жарнама

Формула-1 жұлдызы тарихи жеңісін ерекше атап өтті

Формула-1 чемпионатының Италия Гран-приінде жеңіске жеткен Мерседес пилоты Андреа Кими Антонелли жарыстан кейін ерекше әрекетімен жанкүйерлердің назарын аударды.

Формула-1 жұлдызы тарихи жеңісін ерекше атап өтті
instagram/kimi.antonelli

20 жастағы италиялық спортшы жеңіс кубогынан паста жеп, сол сәттің суреттерін әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.

19-орыннан жеңімпаз атанды

Андреа Кими Антонелли 6 қыркүйекте Монца автодромында өткен Гран-приде тарихи жеңіске жетті. Ол 1966 жылдан бері өз еліндегі Формула-1 додасында жеңіске жеткен алғашқы италиялық пилот атанды. Италиядағы Гран-приде бұған дейін 60 жыл бұрын Феррари командасының пилоты, отандасы Лудовико Скарфьотти жеңіске жеткен.

Жарыс Антонелли үшін сәтті басталған жоқ. Қозғалтқышын ауыстыруға байланысты ол стартты 19-орыннан бастады. Соған қарамастан Мерседес пилоты жарыс барысында жоғары көтеріліп, мәреге қарай әріптесі Джордж Расселден озып кетті.

Жас пилот үшін бұл маусымдағы жетінші жеңіс болды. Ал Мерседес осы нәтижеден кейін командалар арасында 468 ұпаймен көшбасшылық позициясын сақтап келеді.

Жарнама
Жарнама