Жарнама
Жарнама

Қазақстан – бірінші: Көшпенділер ойындарының қорытындысы өзгертілді

Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов мәлімдеді.

Қазақстан – бірінші: Көшпенділер ойындарының қорытындысы өзгертілді
instagram/@ulttyqatsport.kz

Асқат Алагөзов Қазақстанды жеңісімен құттықтады

Қырғызстан президенті әкімшілігінің өкілі әлеуметтік желідегі парақшасында Көшпенділер ойындарының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Оның айтуынша, көк бөрі мен жер ұлақ жарыстары турнирдің ең тартысты бәсекелерінің біріне айналған. Қазақстан мен Қырғызстан шебер ойын көрсетіп, екі ел арасындағы бәсекелестіктің тек спорт алаңында қалатынын дәлелдеген.

"Жанкүйерлер арасында да ешқандай түсініспеушілік болған жоқ. Осы үшін екі елдің спортшылары мен жанкүйерлеріне ерекше алғысымызды білдіреміз", – деді Асқат Алагөзов.

Асқат Алагөзов Қазақстанды жеңісімен құттықтады

Медальдар қайта есептелді

Жалпыкомандалық есептегі техникалық қателік медальдарды санау кезінде анықталған. Ұйымдастыру комитеті Қазақстанның үш спортшысы жеңіп алған жүлделерді жеке-жеке есепке алу туралы шешім қабылдады.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде бірінші орынға шықты.

"Осылайша жалпыкомандалық есепте Қазақстан жеңімпаз атанды. Қазақ бауырларымызды жеңісімен құттықтаймыз!" – деп жазды Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы.

"Басты жеңіс – бауырлас халықтың бірлігі" 

Асқат Алагөзов Қырғызстан спортшыларының да жарыстарда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, өздерінің күш-жігері мен шеберлігін танытқанын жеткізді.

Оның сөзінше, медальдар есебі – спорттың бір ғана бөлігі. VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басты жетістігі – бәсекелердің өзара құрмет пен адал сайыс рухында өтуі.

Сонымен бірге турнир Қазақстан мен Қырғызстан халықтарының достығы мен бірлігін тағы бір мәрте айқын көрсетті.

Жарнама
Жарнама