Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Ресейде автокөліктердің күрт қымбаттауы күтілуде: бұл Қазақстанға қалай әсер етеді?

Сарапшы, спорт журналисі
25.10.2024, 08:46

2025 жылдың қаңтар айынан бастап Ресейде автокөліктердің бағасы күрт өседі деп күтілуде.

depositphotos.com
Реклама
Реклама

Бұл өзгерістер қазақстандық автонарыққа қалай ықпал ететіні туралы Penalty.kz талдайды.

Бағаның өсуінің себебі неде?

"Парламентская газета" мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар айынан бастап ресейлік автокөліктердің құны кем дегенде 70 мың рубльге (350 246 теңге) артуы мүмкін. Бұл техрегламенттің кейбір талаптарының қайта енгізілуімен байланысты.

Сарапшылардың пікірінше, техрегламенттің қатаң талаптарына оралу автокөлік өндірісінің өзіндік құнының өсуіне әкеледі. Бұл өз кезегінде тұтынушылар үшін соңғы өнімнің бағасының өсуіне себеп болады.

Қазақстандық автонарыққа әсері қандай болады?

Kolesa.kz продюсері әрі автоэксперт Евгений Кубековтың айтуынша, ресейлік автонарықтағы бұл өзгерістер Қазақстанға әсер етпеуі тиіс.

"Ресейде утильдік алымның жаңа ставкалары енгізілуде, осыған байланысты ресейлік автокөліктер осы жылдың соңынан бастап олардың нарығында қымбаттай бастады. Қазақстандық автонарыққа бұл баға өсімі әсер етпейді, себебі бізде өзіміздің ставкалар бар және нарығымызда сатылатын автокөліктердің көбісі Қазақстанда өндірілген. Менің болжамым бойынша, біздің автокөліктерді Ресейге сатып алып, қайта сату қызығушылығы төмендейді," - деп түсіндірді Евгений Кубеков.

Қорытынды

Ресейдегі автокөліктердің бағасының өсуі қазақстандық автонарыққа тікелей әсер етпейді. Дегенмен, аймақтық нарықтар арасындағы байланыстарды ескере отырып, болашақта қандай да бір өзгерістер болуы мүмкін. Сондықтан автокөлік сатып алуды жоспарлап жүрген азаматтарға нарықтағы жаңалықтарды қадағалап отыру маңызды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары

Теги: