Changan UNI-T Қазақстанға келді. Бағасы қанша?

Редактор Penalty.kz
03.12.2024, 19:32

Қытайлық бренд жаңа модельмен толықты.

kolesa.kz

Компанияның UNI литералы топтамасы кеңейді. UNI-K кроссовері мен UNI-V лифтбэгіне купе тәрізді UNI-T кроссовері қосылды. Бренд бұл автомобильді алғаш рет 2017 жылы Шанхай автосалонында Yuyue концептісі ретінде көрсетті. Ал сериялық нұсқасы 2020 жылы Женева автосалонында жарық көруі керек еді. Бірақ Changan оны кейінірек Қытайда ұсынды.

Елде ұзындығы 4.5 метр, дөңгелек базасы 2.7 метр болатын UNI-T бір комплектацияда сатылады. Ол 167 ат күшін және 1.5 литрлік турбомотормен жабдықталған. Қозғалтқыш 7 сатылы роботпен жұптасады. Машина алдыңғы жетекті.

Түрлі науқан мен арнайы ұсыныстарды есептемегенде автомобильдің бағасы - 13.4 млн теңге.

Күздің басында Changan компаниясы Қазақстанда Hunter пикабын, CS95 кроссоверін, кейінірек CS75 Plus моделін сата бастады. Соңғысын тек бір комплектациямен ұсынды. 2 литрлік турбомотормен және 8 сатылы автоматпен жүретін машинаның құны - 15.2 млн теңге.