Бұл көлік жылдамдығын 60 км/сағ және одан жоғары асырған жүргізушілерге қатысты.
Елімізде көлік жылдамдығын асырған азаматтарға жаңа айыппұл салынатын болды. Бұл туралы kolesa.kz хабарлады. Әкімшілік кодекстің 592-бабына өзгеріс еніп, «3-1» тармағы қосылды және ол 4 желтоқсаннан бастап күшіне енді.
Бұдан былай белгіленген шектен 60 км/сағ және одан жоғары жылдамдықпен жүрген жүргізуші 40 АЕК (2024 жылы 147 680 теңге) мөлшерінде айыппұл арқалайды.