Қазақстандықтарға шетелдік көлікті тізгіндеуге рұқсат етілуі мүмкін

Редактор Penalty.kz
23.12.2024, 15:03

Бірақ бәріне емес.

kolesa.kz

Мәжілістегі Үкімет сағатында қазақстандықтардың шетелдік тасымалдаушы компаниялармен жұмыс істеудегі қиындықтар сөз болды. Бұл туралы kolesa.kz хабарлады. 

Депутат Юлия Кучинскаяның айтуынша, шетелдік кәсіпкерлер ҚР азаматтарын өзге елде есепте тұрған көлікке жүргізуші ретінде жұмысқа ала алмайды. Ал транзиттік автоны қазақстандық есепке қою кәсіпкерлерге тиімсіз екен. Соған байланысты ҚР азаматтары бұрын жұмыс істеп жүрген жерінен босатылатын көрінеді. 

Сондықтан халық қалаулылары "Жол қозғалысы туралы" ҚР Заңының 65-бабына түзетулер енгізуді ұсынып отыр, деді Юлия Кучинская. Осылайша шетелдік компанияларда қызмет ететін ел азаматтарына өзге мемлекетте есепте тұрған темір тұлпарларды басқаруына мүмкіндік берілмек. 

Бұған жауап ретінде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кениспаев мұндай шектеу кезінде отандастарымыздың Қазақстанда тіркелмеген шетелдік көліктермен қатынамауы үшін қойылғанын атап өтіп, полицейлер аталған заңға қажетті түзетулер енгізуді қарастыруға дайын екенін жеткізді.