Ресейдегі жол апатынан 7 қазақстандық жарақат алды
08.01.2025, 11:28
Екеуі бала.
astanatv.kz
Ресейде ірі жол апаты болды. Соның салдарынан 7 қазақстандық зардап шекті. 24kz хабарлауынша, олардың арасында 6 және 15 жастағы екі бала бар. Оралдағы балалар ауруханасының дәрігерлері науқастардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.
Ал, қалған 5 жолаушы қалалық көпсалалы ауруханада. Жол апатынан зардап шеккендердің бассүйегіне зақым келіп, миы шайқалған. Аяқ-қол, жамбас сүйектері мен омыртқа жарақаттары да тіркелген көрінеді.
Қайғылы жағдай Самара облысындағы «Самара – Үлкен Черниговка» тас жолында тіркелді. Оқиға орнына алты жедел жәрдем бригадасы жіберілген.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама