Астана-Щучинск тасжолындағы жаппай көлік апаты: ТЖМ қандай сабақ алды

Редактор Penalty.kz
11.01.2025, 08:39

Төтенше жағдайлар министрлігі төтенше жағдайларды жою департаментінің бас маманы Магомет Ахриев ведомство брифингінде қаңтар айының басында Астана-Щучинск тасжолында болған ірі апат туралы айтты. 

фото ашық дереккөздерден алынды

Магомет Ахриев бұл апаттан 95-ке жуық көлік зардап шеккенін еске салды.

"Хабарлама келіп түскен соң біз дереу Көкшетаудан, Макинск қаласынан күштер мен құралдарды жібердік. Сонымен қатар Астанадан көмекке бес шақты көлік шықты. Ескерту жүргізілді: SMS-хабарламалар, бұқаралық ақпарат құралдарында хабарламалар болды. Мұның бәрі орындалды. Радио мен телеарналар қамтылды. Бірақ соған қарамастан, адамдар көп болды", - деді ол.

Сол кезде, оның айтуынша, автокөліктер легіне ілесіп жүру туралы шешім қабылданған.

"Қазір ішкі істер органдары оны тексеріп жатыр, онда жай ғана жылдамдық режимі бұзылған, бұл жағдай осыған байланысты болған. Кез келген жағдайды көліктерге ілесіп жүру іске асырылады (болашақта да осындай жағдай болса – ред. ескертпесі), көліктерге ілесіп жүру – қажеттілік және ол іске асырылады. Әрине біз енді қауіпсіздік үшін қосымша шаралар қабылдаймыз. Қосымша полиция бригадалары, мысалы, автокөліктердің шектеулі саны, көліктер арасындағы қашықтық және т.б. Мұның бәрі алдағы уақытта пайдаланылады", - деп түсіндірді спикер.

Алдыңғы жаңалық
BYD Қазақстанға оралды