Бензин мен дизель бағасын мемлекет тарапынан реттеуді доғару туралы бұйрық талқыға шықты.
Халық сұйық отын қымбаттайтынына дайын болуы керек. Энергетика министрлігі елдегі мұнай өнімдерінің бағасын реттеуден бас тартуды қайта ұсынды. Бұйрық жобасы 17 қаңтарда «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Құжатты талқылау 22 қаңтарға дейін жалғасады.
Қазір елде АИ-80 және АИ-92 (АИ-93) бензиндерінің шекті құны 89 және 205 теңге болып белгіленген, дизельдің бір литрі 295 теңге тұрады.
Осы құжатпен бір уақытта автогаздың шекті бағасын көтеру жөніндегі бұйрық жобасы жарияланды. Ол 31 қаңтарға дейін талқыланады.
Автогаздың ұсынылған бағасы:
Алматыда — 102 теңге (қазір 89 теңге);
Астанада — 102 теңге (қазір 84 теңге);
Шымкентте — 90 теңге (қазір 70 теңге);
Ақтөбе облысында — 77 теңге (қазір 59 теңге );
Атырау облысында — 77 теңге (қазір 59 теңге);
Ақмола облысында — 102 теңге (қазір 84 теңге);
Алматы облысында — 102 теңге (қазір 89 теңге);
Шығыс Қазақстан облысында — 102 теңге (қазір 84 теңге);
Жамбыл облысында — 90 теңге (қазір 78 теңге);
Батыс Қазақстан облысында — 77 теңге (қазір 70 теңге);
Қостанай облысында — 102 теңге (қазір 84 теңге);
Қызылорда облысында — 90 теңге (қазір 70 теңге);
Қарағанды облысында — 102 теңге (қазір 84 теңге);
Маңғыстау облысында — 65 теңге (қазір 59 теңге);
Павлодар облысында — 102 теңге (қазір 81 теңге);
Солтүстік Қазақстан облысында — 102 теңге (қазір 89 теңге);
Түркістан облысында — 90 теңге (қазір 70 теңге);
Абай облысында — 102 теңге (қазір 84 теңге);
Жетісу облысында — 102 теңге (қазір 84 теңге);
Ұлытау облысында — 102 теңге (қазір 84 теңге).