Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Алматыда 16 жыл бойы құрылысы тұралап қалған көпқабатты автотұрақ сүріліп жатыр

Редактор Penalty.kz
27.01.2025, 21:30

Әл-Фараби даңғылының солтүстігі мен Меңдіқұлов бульварының батысында аяқталмай қалған көпдеңгейлі паркинг бұзылады.

kaz.inform.kz
Реклама
Реклама

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, 2007 жылы “СЕРТ” АҚ жалға алу учаскесінде 5 деңгейлі паркинг салуға кіріскен. 2009 жылдың аяғынан бастап құрылыс-монтаж жұмыстары 1-2 қабат деңгейінде тоқтап қалды, деп жазады kaz.inform.kz.

2015 жылы уақытша жер пайдалану құқығы да тоқтатылды, содан кейін “Сейсмостройзащита” ЖШС мамандары объектінің тірек және қоршау конструкцияларына тексеру жүргізді. Сарапшылар негізгі тірек конструкцияларының техникалық жай-күйі туралы қорытынды берді. Зерттеу нәтижелері бойынша қолданыстағы конструкцияларды бөлшектеу ұсынылды.

“Басқармадан сотқа аяқталмаған объектіні бұзу туралы талап арыз берілді. Соттың 2018 жылғы 25 сәуірдегі қаулысымен талап - арыздар қанағаттандырылды. Аяқталмаған нысанды бөлшектеу бүгін басталды”, - деп хабарлады басқармадан.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары