ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Жәнібекке екі қарсылас табылды: WBO белбеуі үшін кіммен айқасады?

Британдық журналист Эшли Фиссенденнің пікірінше, WBO Әлімханұлына рейтингте жоғары тұрған екі боксшының бірін ұсынуы мүмкін.

Жәнібекке екі қарсылас табылды: WBO белбеуі үшін кіммен айқасады?
vesti.kz

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы бос қалған әлем чемпионы белбеуі үшін ықтимал қарсыластары белгілі болды.

Британдық журналист Эшли Фиссенденнің пікірінше, WBO Әлімханұлына рейтингте жоғары тұрған екі боксшының бірін ұсынуы мүмкін.

"Ширазға міндетті үміткер Жәнібек Әлімханұлымен алдыңғы екі жекпе-жегіне қарағанда әлдеқайда төмен гонорарға жұдырықтасу міндеттелді. Енді белбеу бос қалғандықтан, Жәнібекке рейтингте екінші тұрған Диего Пачеко немесе үшінші орындағы Джейкоб Бэнкпен жекпе-жек тағайындалуы мүмкін деп ойлаймын", – деп жазды журналист.

Қарсыластар кім?

25 жастағы Диего Пачеконың кәсіпқой бокстағы рекорды – 26 жеңіс, 0 жеңіліс, 19 кездесуін нокаутпен аяқтаған. Бойы – 193 сантиметр.

Пачеко WBC Silver белбеуінің иегері. 2026 жылдың басында ол WBO рейтингінде екінші орында тұрған және бос титул үшін Хамза Ширазбен жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда кейін бұл жекпе-жектен бас тартты.

25 жастағы даниялық Джейкоб Бэнк те кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген. Оның еншісінде 20 жеңіс, 11 нокаут бар.

2026 жылдың қаңтарында Бэнк IBF нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Уильям Скалланы 12-раундта нокаутқа түсіріп, ірі жеңіске жетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?