ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 27-тур

Шираз шегінді: Жәнібек Әлімханұлымен айқасудан бас тартты

Британиялық боксшы екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан да өз еркімен бас тартты.

Шираз шегінді: Жәнібек Әлімханұлымен айқасудан бас тартты
sportnews.kz

Британиялық боксшы Хамза Шираз WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан өз еркімен бас тартты.

Дүниежүзілік бокс ұйымының мәліметінше, Шираз міндетті қарсыласы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізбеу туралы шешім қабылдаған.

Шираз тарапы WBO-ға ресми хат жолдады

Боксшының мүддесін қорғайтын Queensberry Promotions компаниясы WBO-ға жазбаша хабарлама жіберген. Онда Шираз командасы промоутерлік сауда қорытындысы бойынша белгіленген шарттарды қарастырып, Әлімханұлымен міндетті титулдық жекпе-жектен бас тартатыны көрсетілген.

Осы шешімнен кейін WBO-ның екінші орта салмақтағы чемпиондық белбеуі бос қалды.

"WBO Хамза Шираз бен оның командасының шешімін мойындайды және құрметтейді. Сондай-ақ боксшылар мен олардың командаларының спортшының мүддесіне сай кәсіби мансабына қатысты шешім қабылдау құқығын қолдайды", – делінген ұйым мәлімдемесінде.

WBO шешімді 21 қыркүйекте жариялайды

Енді бос қалған әлем чемпионы атағының тағдырын WBO Чемпиондық комитеті анықтайды. Ұйымның арнайы қаулысы 21 қыркүйекте жарияланбақ. Сол кезде екінші орта салмақтағы дивизионның әрі қарайғы жоспары белгілі болады.

Айта кетерлік жайт, Шираздың белбеуден бас тартуы Жәнібек Әлімханұлы бірден WBO чемпионы атанды деген сөз емес.

Ұйым бірнеше нұсқаның бірін таңдауы мүмкін: чемпиондық атақты қазақстандық боксшыға беру немесе Әлімханұлын бос белбеу үшін басқа қарсыласпен жекпе-жекке шығару. Нақты шешім WBO қаулысынан кейін белгілі болады.

Боксшылардың рекорды

Хамза Шираз кәсіпқой рингте 25 жекпе-жек өткізіп, 24 рет жеңіске жеткен және бір кездесуін тең аяқтады. Оның 19 жеңісі нокаутпен тіркелді.

Жәнібек Әлімханұлының есебінде 17 жеңіс бар. Қазақстандық боксшы 12 қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.

Бұл туралы не ойлайсыз?