ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 27-тур

Ағайынды Сабырхандардың бапкері Азиада алдында мәлімдеме жасады

Бокстан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Ілияс Оралбеков 2026 жылғы Азия ойындары қарсаңында Махмұд пен Төрехан Сабырханның дайындығы туралы айтты. 

Ағайынды Сабырхандардың бапкері Азиада алдында мәлімдеме жасады
instagram.com/oralbekov.ilias/

"Жарыстың басталуын күтеміз"

Ілияс Оралбеков әлеуметтік желідегі парақшасында Сабырхан бауырларының Азия ойындарына әзірлігі көрсетілген фото және видеоларды жариялады. Кадрлардың бірінде қазақстандық боксшылар Өзбекстан құрамасының бас бапкері Тулкин Киличевпен бірге суретке түскен. Жаттықтырушы шәкірттерінің қазіргі жағдайына қысқаша баға берді.

"Жігіттер қазір бабында. Енді тек жарыстың басталуын күтеміз", – деп жазды Ілияс Оралбеков.

Қай салмақта жұдырықтасады?

Жапонияда өтетін Азия ойындарында Махмұд Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан намысын қорғайды. Ал оның інісі Төрехан Сабырхан 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді.

Қос боксшы да Азиадаға World Boxing рейтингінде өз салмақтарының көшбасшысы ретінде келді. Сондықтан олардың жекпе-жектеріне қазақстандық жанкүйерлер тарапынан үлкен қызығушылық бар.

Азия ойындарындағы бокс бәсекесі 21 қыркүйекте алдын ала кезеңдегі жекпе-жектерден басталады. Жарыстар 2 қазанға дейін жалғасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?