Жәнібек Әлімханұлы Теренс Кроуфордқа үн қатты
Өткен аптада WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы болған Хамза Шираз отандасымызға қарсы рингке шығудан бас тартқан болатын.
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы үш салмақта абсолютті әлем чемпионы болған Теренс Кроуфордтың кәсіпқой бокста көргісі келетін жекпе-жектер тізіміне реакция білдірді.
Америкалық боксшы әлеуметтік желіде бірнеше ықтимал супер-жекпе-жекті атап өткен. Алайда бұл тізімде Әлімханұлының есімі болмаған.
Жәнібек "Канеломен" жекпе-жек өткізуді ұсынды
Кроуфорд өз тізіміне Джервонта Дэвис – Шакур Стивенсон, Наоя Иноуэ – Джесси Родригес, Джарон Эннис – Вёрджил Ортис және Дэвид Бенавидес – Джей Опетая секілді кездесулерді енгізген.
Осы жазбаға жауап берген Жәнібек Әлімханұлы:
"Бауырым, неге Жәнібек – "Канело" жекпе-жегі жоқ?" – деп жазды.
Шираз Жәнібекпен айқасудан бас тартты
Айта кетейік, өткен аптада WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы болған Хамза Шираз чемпиондық белбеуден бас тартты.
Британиялық боксшы міндетті үміткер Жәнібек Әлімханұлымен титулдық жекпе-жек өткізбеу туралы шешім қабылдаған. Осыдан кейін WBO-ның екінші орта салмақтағы чемпиондық белбеуі бос қалды.