ҚПЛ Ұлттық Құрама Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
Қазақстан Құрама

Қазақстан Азия ойындарында сегізінші медаль жеңіп алды

Каратэші Әсел Қанай XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Ол финалда атақты қытайлыққа қарсы шықты.

Қазақстан Азия ойындарында сегізінші медаль жеңіп алды
olympic.kz

Финал 8:2 есебімен аяқталды

Әсел Қанай шешуші жекпе-жекте әлемдік каратэнің ең атақтылардың бірі Гун Лимен кездесті. Қытайлық каратэші Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, 2023 жылғы әлем чемпионы және 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері саналады. Сонымен қатар Ханчжоудағы Азия ойындары мен 2025 жылғы Дүниежүзілік ойындарда топ жарған.

Гун Ли финалды белсенді бастап, 2:0 есебімен алға шықты. Қазақстандық каратэші айырманы бір ұпайға дейін қысқартқанымен қарсыласы көп ұзамай есепті 3:1-ге жеткізді.

Әсел Қанай жағдайды өзгертуге тырысты.Бірақ қытайлық қарсыласы оның шабуылдарына дәл қарсы әрекет етіп отырды. Нәтижесінде кездесу 8:2 есебімен Гун Лидің пайдасына аяқталды.

Әсел Қанай финалға қалай жетті?

Қазақстан құрамасының өкілі Азия ойындарында үш кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

Алғашқы айналымда Бангладеш намысын қорғаған Хумайра Актер Анторамен кездесті. Ширек финалда моңғолиялық Маралжинго Пуревжавты 9:1 есебімен айқын жеңді.

Жартылай финалда камбоджалыш Чакрия Ваннан 3:0 есебімен басым түсіп, алтын медаль үшін таласуға мүмкіндік алды.

Азия ойындарындағы екінші жүлде

Әсел Қанай бұған дейін 2023 жылы Ханчжоудағы XIX жазғы Азия ойындарында қола медаль иеленген. Қазақстандықтың еншісінде 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдесі де бар.

Жапониядағы жарыста күміс алған Әсел Азия ойындарындағы жүлделер санын екеуге жеткізді.

Осы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасының еншісінде төрт алтын, бір күміс және үш қола медаль бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?