ҚПЛ Ұлттық Құрама Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
Қазақстан Құрама

Азиада-2026: Қазақстан Өзбекстаннан бес орын жоғары тұр

Қазақстан құрамасы Азия ойындарының екінші жарыс күнінен кейін жалпыкомандалық есептегі төртінші орнын сақтап қалды.

Азиада-2026: Қазақстан Өзбекстаннан бес орын жоғары тұр
Спортты дамыту дирекциясы

Қытай көш бастап тұр

Екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қытай спортшылары айқын басымдықпен бірінші орында келеді. Олар 23 алтын, 10 күміс және бес қола жүлде жеңіп алды.

Медаль кестесіндегі үздік үштік:

  1. Қытай — 23 алтын, 10 күміс, 5 қола. Барлығы — 38 медаль.
  2. Жапония — 8 алтын, 12 күміс, 12 қола. Барлығы — 32 медаль.
  3. Оңтүстік Корея — 5 алтын, 3 күміс, 15 қола. Барлығы — 23 медаль.

Қазақстан төртінші орында келеді

Қазақстан құрамасы төрт алтын, бір күміс және үш қола жүлдемен төртінші сатыға жайғасты. Ел спортшыларының жалпы медаль саны сегізге жетті.

Орталық Азия елдерінің көрсеткіші:

Қазақстан — 4 алтын, 1 күміс, 3 қола, жалпы 8 медаль — 4-орын;
Өзбекстан — 1 алтын, 1 күміс, 1 қола, жалпы 3 медаль — 9-орын;
Қырғызстан — 3 қола медаль — 20-орын;
Тәжікстан — 1 қола медаль — 25-орын.

Санжар Әділов пен Әсел Қанай жүлде алды

Екінші жарыс күнінде Қазақстан қоржынына екі медаль түсті. ММА шебері Санжар Әділов 65 келі салмақта қола жүлдегер атанды.

Ал каратэші Әсел Қанай 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетіп, күміс медаль иеленді. Ол ұлттық құрамаға Азия ойындарындағы бесінші алтынды сыйлауға жақын болғанымен, шешуші жекпе-жекте жеңіліп қалды.

Бұл туралы не ойлайсыз?