Азиада-2026: Қазақстан Орталық Азия елдері арасында көш бастады
Байрақты бәсекенің екінші жарыс күнінде Қазақстан қоржынына екі спортшы жүлде қосты.
2026 жылғы Азия ойындарының екінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық медаль кестесінде төртінші орында қалды.
Қазақстан қоржынында әзірге 4 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль бар.
Көш басында Қытай
Медаль кестесінің алғашқы үштігі мынадай:
- Қытай – 23 алтын, 10 күміс, 5 қола. Барлығы – 38 медаль.
- Жапония – 8 алтын, 12 күміс, 12 қола. Барлығы – 32 медаль.
- Оңтүстік Корея – 5 алтын, 3 күміс, 15 қола. Барлығы – 23 медаль.
- Қазақстан – 4 алтын, 1 күміс, 3 қола. Барлығы – 8 медаль.
Орталық Азия елдері арасында Қазақстан ең жоғары орында тұр.
Өзбекстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен 9-орынға жайғасқан.
Қырғызстан 3 қола медальмен 20-орында, ал Тәжікстан 1 қола медальмен 25-орында тұр.
Қазақстанға бүгін екі медаль түсті
Екінші жарыс күнінде Қазақстан қоржынына екі спортшы жүлде қосты.
MMA өкілі Санжар Әділов 65 келіде қола медаль жеңіп алды.
Ал каратэші Әсел Қанай 61 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдеге ие болды.
Бұл туралы не ойлайсыз?