Қазақстандық жүзгіш Азия ойындарының финалына шықты
Игнатова бұған дейін 50 метрге шалқалап жүзу сайысында да ақтық сынға жолдама алған еді.
Қазақстан құрамасының жүзгіші Ксения Игнатова Айти мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында екінші финалына жолдама алды.
Olympic.kz мәліметінше, қазақстандық спортшы 200 метрге кешенді жүзуде сәтті өнер көрсетті.
Іріктеу кезеңінде Ксения Игнатова мәреге 2:14,94 нәтижесімен жетті. Бұл көрсеткіш оған жалпы есепте бесінші орын алып, финалға шығуға мүмкіндік берді.
Бұған дейін тағы бір финалға жолдама алған
Игнатова бұған дейін 50 метрге шалқалап жүзу сайысында да шешуші кезеңге өткен.
Осылайша, қазақстандық жүзуші Азия ойындарында бірден екі қашықтық бойынша финалда өнер көрсетеді.
Бұл туралы не ойлайсыз?