ҚПЛ Құрама Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 28-тур

Александр Бублик ATP рейтингінде төмен сырғыды

Отандасымыз бірден төрт орынға төмендеп кетті. 

Александр Бублик ATP рейтингінде төмен сырғыды
olympic.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP жаңартылған рейтингінде әлемдік топ-20 қатарынан шығып қалды. Қазір қазақстандық теннисші 21-орында тұр.

Жаңартылған рейтингте Александр Бублик бірден төрт орынға төмендеді.

Айта кетейік, оның ATP рейтингіндегі жеке рекорды – 10-орын. Бұл көрсеткішке Бублик 2026 жылдың қаңтарында жеткен.

Әлемдік рейтингтің көшбасшылары

ATP рейтингінде бірінші орынды италиялық Янник Синнер сақтап қалды.

Екінші орында Германия өкілі Александр Зверев, ал үшінші сатыда испаниялық Карлос Алькарас тұр.

Айта кетейік, Қазақстанның тағы бір өкілі Александр Шевченко бірден 16 позиция жоғалтып, 109-орынға түсті.

Ал Тимофей Скатов 198-орыннан 199-сатыға сырғыды.

Бұл туралы не ойлайсыз?