ҚПЛ Ұлттық Құрама Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
Қазақстан Құрама

Қазақстанның екі дүркін чемпионы Еуропа чемпионатын сәтті бастады

Владислава қарсыласынан басым түсіп, айқасты мерзімінен бұрын аяқтады. Осылайша, келесі кезеңге жолдама алды.

Қазақстанның екі дүркін чемпионы Еуропа чемпионатын сәтті бастады
sports.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшесі Владислава Кухта Софияда (Болгария) өтіп жатқан Еуропа чемпионатын сәтті бастады. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан былғары қолғап шебері алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Ол Грекия өкілі Панайоте Кузилумен кездескен болатын. Жекпе-жек соңына дейін жалғасқан жоқ. Владислава қарсыласынан басым түсіп, айқасты мерзімінен бұрын аяқтады. Осылайша, келесі кезеңге жолдама алды.

Қазақстанда екі рет ел чемпионы атанды

Владислава Кухта бұған дейін Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетті. Ол Қазақстан чемпионатында екі рет топ жарды. Сондай-ақ 2021 жылы Дубайда өткен Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.

Ал 2023 жылдың желтоқсанында спорттық азаматтығын ауыстыру туралы шешім қабылдағанын жариялады.

2024 жылдың көктемінде боксшы ресми түрде Венгрия төлқұжатын алып, халықаралық жарыстарда осы елдің атынан өнер көрсете бастады.

Тарихтағы алғашқы World Boxing Еуропа чемпионаты

Айта кетейік, 2026 жылғы Еуропа чемпионаты World Boxing федерациясының аясында өтіп жатқан алғашқы ресми кәрі құрлық додасы саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?