ҚПЛ Ұлттық Құрама Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
Қазақстан Құрама

Қазақстандық боксшыға Азиадада азулы қарсылас түсті

Виктория Графеева Жапониядағы жазғы Азия ойындарының алғашқы жекпе-жегін Олимпиада чемпионы Линь Юй-тинге қарсы өткізеді.

Қазақстандық боксшыға Азиадада азулы қарсылас түсті
instagram/@graf.vp

Жеребе мықты қарсылас таңдады

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсетін Виктория Графеева жарыс жолын Қытай Тайбэйінің өкілі Линь Юй-тинмен кездесуден бастайды.

Линь Юй-тин — Париж Олимпиадасының алтын жүлдегері. Осылайша қазақстандық боксшы Азия ойындарындағы алғашқы айналымда-ақ турнир фавориттерінің бірімен қолғап түйістіреді.

Линь Юй-тинге қатысты дау

Қытай Тайбэйінің боксшысы Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) оны жарыстарға қатыстыру жөніндегі шешімдерінен кейін туындаған гендерлік дауға байланысты әлемдік БАҚ назарында болған еді.

Кейін World Boxing ұйымы Линь Юй-тиннің әйелдер арасындағы жарыстарға қатысуына рұқсат берді.

Бұл Графеева мен Линь Юй-тиннің алғашқы кездесуі емес. 2026 жылғы Әлем кубогының финалында қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға жіберіп, жеңіске жеткен.

Алдағы жекпе-жекте Олимпиада чемпионы сол жеңілістің қарымтасын қайтаруға тырысса, Графеева өзінің бұрынғы нәтижесін қайталауды көздейді.

Жекпе-жек қашан өтеді?

2026 жылғы жазғы Азия ойындарының бокс бәсекелері 21 қыркүйекте басталып, 2 қазанға дейін жалғасады. Виктория Графеева мен Линь Юй-тин арасындағы кездесу 26 қыркүйекке жоспарланған.

Бұл туралы не ойлайсыз?