ҚПЛ Ұлттық Құрама Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
Қазақстан Құрама

Қазақстан Өзбекстанды жеңіп, Азиададағы тоғызыншы жүлдесін алды

Каратэші Бэлла Самашева Жапонияда 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Қазақстан Өзбекстанды жеңіп, Азиададағы тоғызыншы жүлдесін алды
Спортты дамыту дирекциясы

Қола медаль еншіледі

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Бэлла Самашева жүлде жолындағы кездесуде өзбекстандық Севинч Рахимовамен татамиге шықты.

Тартысты өткен жекпе-жектің негізгі уақытында жеңімпаз анықталған жоқ. Нәтижесінде төрешілердің басым бөлігі "хантэй" шешімімен жеңісті қазақстандыққа берді. Осылайша Бэлла Самашева Азиада-2026 турнирінің қола жүлдесін иеленді. Ал Севинч Рахимова жарысты медальсіз аяқтады.

Қазақстан қоржынында тоғыз медаль бар

Самашеваның жетістігінен кейін Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы жүлде саны тоғызға жетті:

төрт алтын;
бір күміс;
төрт қола медаль.

Айта кетейік, бұған дейін каратэден 61 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әсел Қанай Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?