Футбол
Бөлімдер

Әлімханұлының жаңа қарсыласы тосын мәлімдеме жасады

Даниялық боксшы Якоб Банк (20-0, 11 КО) Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) жекпе-жек өткізуге қатысты пікір білдірді.

Әлімханұлының жаңа қарсыласы тосын мәлімдеме жасады
Ring Magazine

Бұған дейін WBO бұл жекпе-жекті санкциялап, боксшылар тарапына келісімге келу үшін 15 күн уақыт берген болатын.

"Көп адам мені бұл жекпе-жектен бас тартуға көндіруге тырысып жатыр. Ол өте мықты қарсылас. Бірақ мен кез келген боксшыны жеңе аламын. Әлем чемпионы атанудың оңай жолы жоқ. Мен барлық ұйымның нұсқасы бойынша әлем чемпионы болғым келеді!" , — деді Банк.

Әлімханұлы мен Банк WBO-ның супер орта салмақтағы бос тұрған чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады. Жекпе-жектің нақты өтетін күні мен орны әзірге белгісіз. Алайда даниялық боксшының мүддесін қорғайтын Primetime Boxing промоутерлік компаниясы титулдық айқасты өз елінде өткізуге үмітті.

Қазақстандық боксшы өз кезегінде әлеуметтік желідегі парақшасында жекпе-жек туралы батыл мәлімдеме жасады.

"Қарсылас анықталды! Егер ол да әлсіздің ізін баспай, айқасқа келіссе, алда үлкен шоу күтіп тұр! Жаңа салмақ! Бірден чемпиондық титул! Бұйыртса екі салмақта әлем чемпионы атанамыз!", – деді Әлімханұлы.

Еске салайық, бұған дейін WBO белбеуі британиялық Хамза Ширазға (24-0-1, 19 КО) тиесілі болған. Бірақ ол Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуден бас тартып, чемпиондық титулын босатқан еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?