Сабырхан мен Балқыбекованың жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады?
Төрехан Сабырхан 1/8 финалда Қатар өкілі Мұхамед Дбичимен кездеседі. Жекпе-жек Қазақстан уақытымен 09:45-те басталады.
Бүгін, 24 қыркүйекте, Қазақстанның екі боксшысы Жапонияның Айти мен Нагоясында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында рингке шығады. Алдымен Төрехан Сабырхан өнер көрсетсе, кейін Алуа Балқыбекова жарысты бастайды.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсетін Төрехан Сабырхан 1/8 финалда Қатар өкілі Мұхамед Дбичимен кездеседі. Жекпе-жек Қазақстан уақытымен 09:45-те басталады.
Ал 51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Алуа Балқыбекова 1/8 финалда үндістандық Сакшиге қарсы шығады. Бұл жекпе-жек Қазақстан уақытымен 13:45-те басталады.
Екі кездесудің де тікелей трансляциясын "Qazaqstan" телеарнасынан көруге болады.
Қазақстан алғашқы жекпе-жекте жеңіліп қалды
Қазақстан боксшылары арасынан Азия ойындарында алғашқы болып Сабыржан Аққалықов рингке шыққан.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында ол Оңтүстік Корея өкілі Ким Мин Сонға төрешілердің шешімімен 2:3 есебімен есе жіберді.
Осылайша, Аққалықов жарысты алғашқы жекпе-жектен кейін аяқтады.
Қазақстаннан 11 боксшы қатысады
Азия ойындары-2026 турниріне Қазақстаннан барлығы 11 боксшы барды.
Ерлер арасында Махмұд Сабырхан, Оразбек Асылқұлов, Төрехан Сабырхан, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек Оралбай және Айбек Оралбай өнер көрсетеді.
Әйелдер құрамасында Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Виктория Графеева, Аида Әбікеева және Наталья Богданова бар.