Жұлдызнама бойынша ең қауіпті жүргізуші кім?

Редактор Penalty.kz
10.02.2025, 21:28

Мұны Т-Страхование мамандары анықтады. 

baigenews.kz

Т-Страхование мамандары соңғы үш жылдағы жол-көлік оқиғаларының деректерін талдап, қай белгінің жүргізушілері ең ұқыпты, ал қайсысы апатқа жиі ұшырайтынын анықтады. Бұл туралы Massaget.kz хабарлады. 

Ең қауіпті жүргізушілер

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, жол апатына ең жиі түсетіндер қатарында егіздер. Жол-көлік оқиғаларына түсу көрсеткіші - 8,64 пайыз.

Ең сақ жүргізушілер

Ал тауешкілер ең ұқыпты жүргізуші саналады. Статистика бойынша, жолда келеңсіз оқиғаға тап болу ықтималдылығы небәрі 7,98 пайыз. 

Торпақтар көбіне автокөліктің терезе әйнектерін қалпына келтіру үшін сақтандыру компаниясына жүгінеді екен (8,71 пайыз).

Шаяндар болса автокөлік бөлшектерінің (дискі, кузов элементтері) ұрлануына, табиғи апаттардың әсеріне байланысты шағымданады (9,36 пайыз).

Мерген, арыстан және торпақ жүргізушілері де апатқа жиі ұшырайтындар қатарында (орташа 8,50 пайыз).

Ең сирек кім жол апатына түседі?

Соңғы үш жылда ең сирек жол апатына түскендер - суқұйғыш (8,18 пайыз) және тауешкі (7,98 пайыз).