Жүргізушілер 10 жыл сайын емтихан тапсыруы мүмкін

Редактор Penalty.kz
14.03.2025, 16:31

Мәжіліс депутаты жол қауіпсіздігін арттыру үшін осындай ұсыныс жасады.

kolesa.kz

Сенат депутаты Марат Қожаев Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған сауалында 2024 жылы елімізде 31 мыңнан аса жол-көлік оқиғасы тіркелгенін атап өтті. Прокурорлардың есебінше, бұл тек адам зардап шеккен жағдайлар ғана. Бұл туралы kolesa.kz хабарлады. 

Депутаттың айтуынша, ереже бұзған жүргізушілердің көбінде жол қозғалысы бойынша жеткілікті білім жоқ. Бұл автомектептердегі білім беру жүйесінің кемшіліктерін көрсетеді.

Нақты мәселелер:

  • Автомектептердің жұмысын қадағалау әлсіз. Елімізде 374 автомектеп бар, бірақ олардың қызметін мемлекет қатаң бақыламайды.
  • Оқу процесі формалды түрде өтіп жатыр. Түлектер көлікті қауіпсіз жүргізуге дайын емес.
  • Жол апатына түсетіндердің көпшілігі – тәжірибесіз жүргізушілер.
  • Жүргізуші куәлігін алу кезінде заң бұзушылықтар жиі кездеседі.
Емтихан залы Фото: kolesa.kz

Жүргізушілерді қайта емтихан тапсыруға міндеттеу ұсынылды

Мәжіліс депутаты жолдағы қауіпсіздікті арттыру үшін мынадай өзгерістер енгізуді ұсынды:

  • Автомектептерге бақылауды күшейту.
  • Жүргізуші куәлігін алу тәртібін қайта қарау, сынақ мерзімін енгізу.
  • Жаңа жүргізушілер үшін міндетті түрде қосымша оқу курсынан өту.
  • 10 жыл сайын жол ережесінен қайта емтихан тапсыру.
  • Жүргізуші куәлігін беру процесін Ішкі істер министрлігіне тапсыру.
  • Барлық ірі қалада автодромдар мен арнайы ХҚКО ашу.

Жол инфрақұрылымын жақсарту ұсынылды

Депутат тек жүргізушілердің білімін арттырумен шектелмей, жол жағдайын да жақсарту керек деп санайды. Атап айтқанда, елді мекендерде жаяу жүргіншілер өткелдерін, тротуарлар мен жарықтандыру жүйесін орнату.