"Әр қазақ — боксшы!" Артем Дзюба Нұрлан Сабуровқа ашық шақыру жасады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
09.04.2025, 09:20

Ресейлік футболшы Артем Дзюба танымал әзілкеш Тамби Масаевтың подкастында қазақстандық стендап-комик Нұрлан Сабуровқа рингте күш сынасуға ұсыныс жасады. Бұл сәт әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. 

фото ашық дереккөздерден алынды

Подкаст барысында Тамби Масаев:

– Сен Нұрланмен жекпе-жекке шығар ма едің? – деп сұрайды.

Артем Дзюба бұл сұраққа бірден қызығушылықпен жауап берді:

– Нұрлан, мен сенің көзіңді ашамын! Ол спортпен айналысады ғой, солай ма?

Масаев:

– Жоқ, ол әлсіздеу.

Алайда Дзюба қарсы пікір білдірді:

– Жо-жоқ! Мен оның ұзақ уақыттан бері бокспен айналысатынын естігенмін.

Масаев әзілмен қостап:

– Мен Нұрланның бұл ұсыныстан қысылып қалатынын білем: "Неге мен шығуым керек? Мен ештеңе білмеймін ғой".

Сөз арасында Артем Дзюба Нұрлан Сабуровты "қамшы салдырмайтын қарапайым жігіт"деп сипаттап, қазақтардың жекпе-жек өнеріне бейімдігін атап өтті:

– Ол қарапайым, иә? Жалпы алғанда, меніңше, әр қазақ — боксшы!

Бұл мәлімдеме қазақстандық интернет қолданушылар арасында кеңінен таралып, әлеуметтік желіде түрлі пікірлер туғызды. Көпшілік Дзюбаның сөзіне әзілмен қараса, енді бірі Сабуров пен Дзюба арасындағы жекпе-жекті шынымен көргісі келетінін жазды.