Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстанда бұрынғы футболшы мен отандық сериал актері есірткімен ұсталды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
10.04.2025, 12:01

Қазақстан ІІМ-нің мәліметінше, елде екі резонанстық қылмыстық іс тіркелді. Шымкентте бұрынғы футболшы, ал Ақмола облысында отандық сериалдардың бірінде рөл сомдаған актер есірткімен ұсталды.

polisia.kz
Реклама
Реклама

ІІМ ресми дерегіне сәйкес, Шымкент қаласында Орталық Африка Республикасының азаматынан 1,5 келі синтетикалық есірткі – a-PVP тәркіленді. Тергеу нұсқасы бойынша, ол есірткіні Telegram арқылы сатпақ болған.

“2020 жылы Қазақстанға жұмыс табу мақсатында келгені және жергілікті футбол командаларының бірінде ойнағаны анықталды”, – делінген министрлік хабарламасында.

Ал Ақмола облысында 45 жастағы ер адамнан жеке тексеріс кезінде 2 келі гашиш салынған жол сөмкесі табылған. ІІМ мәліметінше, ол отандық сериалдардың бірінде қылмыстық топ басшысының рөлін сомдаған.

“Қазір екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.

Еске сала кетейік, синтетикалық және өзге де есірткі заттарын сақтау, тарату және пайдалану Қазақстан заңнамасына сәйкес ауыр қылмыс саналады. Заң бұзушыларға ұзақ мерзімді бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары