Қазақстандық танымал актриса, әнші Қайрат Нұртастың жары және "Ажырасам" фильмінің басты рөлін сомдаған Жұлдыз Әбдукаримова жаңа образымен желі қолданушыларын тәнті етті.
Актриса Instagram парақшасында ашық арқасы бар нәзік, әуе көйлегімен түскен суретін жариялап, жаңа образы жайлы ойымен бөлісті. Жұлдыздың айтуынша, бұл ерекше көйлекке 40 метр мата жұмсалған, алайда киім өте жеңіл әрі салмақсыз көрінеді.
Ол қазақстандық дизайнердің қолынан шыққан бұл сәнді көйлекті мақтанышпен көрсетіп, өз жан дүниесіндегі тепе-теңдік туралы ой да жазды:
“Мәжбүрлік пен асығыстықтың энергиясы көбіне мазасыздық пен артық қысым тудырады. Терең тыныстап, барлығы өзіңіздің игілігіңіз үшін жүзеге асатынына сеніңіз”, — деп бөлісті Жұлдыз.
Актрисаның жаңа образы әлеуметтік желіде бірден назар аудартты. Пікірлер арасында оның сымбатына, нәзіктігіне және ішкі күшіне тамсанған оқырмандар жазбалары ерекше көп болды: