ҚПЛ-де ойнаған шабуылшы Кипр клубына ауысты
Қазақстандық жанкүйерлер Стэнлиді "Тұран" клубындағы ойынынан жақсы біледі. Шабуылшы "Жетісу" сапында да доп тепті.
Нигериялық шабуылшы Стэнли Чисом Нкоби мансабын Кипрде жалғастырады. Ол 2026/27 жылғы маусым қарсаңында "Mesarya" клубымен келісімшартқа отырды. Тараптар арасындағы мәміле бір жылға жасалған.
Футболшы трансфер туралы Instagram парақшасында хабарлап, жаңа клубының жейдесімен түскен суретін жариялады.
"Жаңа ел, жаңа сынақ. Бірақ қайдан келгенімді ешқашан ұмытпаймын. 2026/27 маусымы – ойын басталсын", – деп жазды Нкоби.
Қазақстандағы мансабы
Қазақстандық жанкүйерлер Стэнлиді "Тұран" клубындағы ойынынан жақсы біледі. Ол бұл команда "Арыс" атауымен өнер көрсеткен кезеңде де сапында болған. Сонымен қатар шабуылшы талдықорғандық "Жетісу", түркістандық "Яссы" және "Екібастұз" клубтарында ойнаған.
Қазақстандағы мансабында Стэнли жалпы 66 ресми матч өткізіп, 26 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді.
Қазіргі таңда футболшының нарықтық құны 150 мың еуроға бағаланады.