Қазақстандық танымал әнші Маржан Арапбаева өзінің жаңа әнінің үзіндісін Instagram желісінде бөлісіп, тыңдармандарына алғашқы болып тыңдау мүмкіндігін ұсынды.
Бейнежазба Астанадағы Есіл өзенінің жағасында түсірілген. Арапбаева әнге атау іздеп, тыңдарманнан көмек сұрады
“Жаңа ән. Әзірге атауы жоқ. Қандай атау қойсақ болады? Көмектеріңіз қажет”, — деп жазды Маржан Instagram парақшасында.
Бейнежазбада әнші Астана жағалауымен серуендеп, жүрекке жететін вокалымен ән шырқайды. Бұл бейнені көрген жанкүйерлер бірден пікір білдіре бастады.
Тыңдармандар Маржанның орындау шеберлігіне тәнті болып, пікірлерде бірінен соң бірі мақтау мен ұсыныстарын жазды: