Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

KFC Түркиядан кетті: мыңдаған адам жұмыссыз қалды

Редактор Penalty.kz
17.04.2025, 16:17

Түркияда KFC мейрамханалар желісі өз жұмысын тоқтатты.

ssnab.ru
Реклама
Реклама

Елдегі барлық 537 нысан жабылды. Бұл шешім Is Gida компаниясының банкротқа ұшырауынан кейін қабылданды. Енді мыңдаған қызметкер жұмыссыз қалып отыр, ал қоғамдық тамақтану саласы ауыр соққы алды.

Түркиялық БАҚ-тың хабарлауынша, Is Gida компаниясы 7,7 миллиард түрік лирасы көлемінде қарыз жинап, банкроттық рәсімін бастады. Қаржылық қиындықтардан бөлек, азық-түлік қауіпсіздігі мен сапа стандарттарының өрескел бұзылуы да франшизалық келісімді үзуге себеп болған.

Америкалық Yum! Brands корпорациясы, яғни KFC бренді иесі, Түркиядағы серіктесімен — Is Gida компаниясымен жұмысын тоқтатқанын ресми түрде жариялады. Әзірге компанияның Түркиядағы қызметін басқа серіктестермен жалғастыра ма, жоқ па — белгісіз.

Жабылу салдарынан елде жүздеген мейрамхана бос қалды, ал мыңдаған қызметкердің тағдыры белгісіз күйде. Бұл — елдің қоғамдық тамақтану нарығына үлкен қауіп төндіріп отыр.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары