"Күн шуағында": Димаш Құдайбергеннің қарындасы нәзік образымен Қазнетті тәнті етті (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
19.04.2025, 05:32

Қазақстандық әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген Instagram парақшасына жаңа фотосуреттер жариялап, қазақстандық интернет қауымдастығының ерекше ықыласына ие болды. 

instagram/@raushan_kudaibergen

Раушан өз фотоларын карусель форматында бөлісіп, көрермендерді ерекше романтикалық образымен баурап алды. Ол плиссирленген ұзын белдемше мен айвори түсті кофта киіп, бетін боянусыз және шашын жайып түскен. Табиғи бейнесі мен нәзік стилі әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін жаулап, жылы пікірлер легіне себеп болды.

Жазбасында Раушан:

"Галереяда босқа жатпасын деп..." деп суреттерін жүктеу себебін қарапайым әрі шынайы түрде түсіндірген.

Суреттер фонында әсем ән естіліп, бейнені одан сайын әсерлі ете түскен. Осы тұтас атмосфера жұртшылықты тәнті етті.

Желі қолданушылары Раушанға мынадай жылы пікірлер қалдырды:

  • "Әдемі әрі ерекше!" 
  • "Неткен әсемдік пен атмосфера! Күн шуағында..." 
  • "Нәзік, сүйкімді раушан гүліндей!" 
  • "Тамаша ханшайым!" 
  • "Табиғи сұлу, ерекше бейне!" 
  • "Әдемі, тура анаңызға ұқсайды!" 
  • "Жаным-ай..." 
  • "Нәзік қыз бала!"