Қазақстандық танымал әнші Мәдина Сәдуақасованың Instagram парақшасында жариялаған жаңа суреттері желі қолданушылары арасында екіұдай пікір тудырды.
45 жастағы әнші көгілдір түсті қысқа көйлек киіп түскен суреттерімен көпшіліктің назарына ілікті. Бірі оның сырт келбетіне тәнті болса, енді бірі әншінің бұл образын орынсыз деп сынға алды.
Мәдина Сәдуақасова өзінің парақшасында былай деп жазды:
“Жасың нешеде болса да, әдемі бол!”
Суреттерде әнші жеңіл матадан тігілген көк түсті мини-көйлекпен бой көрсеткен. Киім үлгісін алтын түстес білезіктер мен гүл пішіндес көлемді сырғалар толықтырды.
Жаңа образ желіде қызу пікірталас тудырды. Кейбір қолданушылар әншінің сымбатына сүйсініп, жағымды пікір қалдырса, басқалары оның таңдаған киімін сынады: