Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстанда әр екінші неке бұзылады – Әділет министрлігі дабыл қақты

Редактор Penalty.kz
21.04.2025, 14:14

Қазақстанда некеге тұрған әрбір екінші жұптың ажырасып жатқаны туралы мәлімдеме жасаған Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев елдегі отбасылық құндылықтардың дағдарысқа ұшырағанын айтты.

esp.md
Реклама
Реклама

Бұл деректер министрдің Мәжілістегі үкімет сағатында келтірген ресми статистикасынан белгілі болды.

2024 жылы ел бойынша 61 080 ажырасу тіркелген. Сол жылы 124 774 неке қиылғанын ескерсек, бұл – некелердің жартысына жуығы ажырасумен аяқталатынын көрсетеді.

“Бұл – отбасылық институттың әлсіреуінің нақты көрінісі. Бұрын халқымызда қалыптасқан құндылықтар мен ұстанымдар бүгінде жойылып бара жатыр”, – деді министр.

Қазақстан – әлемде ажырасу бойынша екінші орында

Халықаралық Petrelli Previtera ұйымының 2024 жылғы 4 наурыздағы дерегіне сәйкес, Қазақстан ажырасу деңгейі бойынша әлемде екінші орында, бірінші орынды Мальдив Республикасы иеленіп отыр. Елдегі ажырасу көрсеткіші – әр 1000 адамға шаққанда 4,6 жағдай.

Ажырасудың басты себептері

Сарапшылар елдегі отбасылардың жиі ажырасуының бірнеше себебін атап өтеді:

  • Туыстардың араласуы – 61%
  • Моральдық шектеудің болмауы – 41%
  • Ажырасу процесінің жеңілдігі – 25%

Бұл факторлар көптеген отбасының тұрақтылығына кері әсер етіп, ерлі-зайыптылардың ортақ шешімге келуіне кедергі келтіреді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары