"Мен ғашықпын!" — Сәбина Алтынбекова жеке өміріндегі жаңалығымен бөлісті (ФОТО)
25.04.2025, 04:37
Қазақстандық танымал волейболшы Сәбина Алтынбекова Instagram парақшасында өмірінің жаңа кезеңі туралы әсерлі жазба жариялап, жанкүйерлерін қуантты.
instagram/@altynbekova_20
Сәбина күнделікті өміріндегі сәттермен бөлісіп, өзінің ішкі күйін ашық жеткізді. Ол Instagram желісінде былай деп жазды:
"Бүгін клиникада менен былай деп сұрады: Сәбина, көзіңіз жанып тұр! Сіз ғашық болдыңыз ба? Иә, өзіме", - деп жауап бердім
Бұл сөздер жанкүйерлер арасында қызу пікірталас туғызып, көптеген жылы лебіздер мен қолдау пікірлерін жинады.

Биыл наурыз айында Сәбина Алтынбекова ресми түрде продюсер Саят Тостықбаевпен ажырасқанын мәлімдеді. Олар 2020 жылдың желтоқсанында заңды некеге отырған. 2021 жылдың қазанында олардың ұлы дүниеге келді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама