Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Жахан Отарғалиев сүйіктісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
29.04.2025, 11:20

Белгілі актер әрі блогер Жахан Отарғалиев отбасындағы жағымды жаңалықпен бөлісті. Ол бұл қуанышты сәтін әлеуметтік желіде жария етті. 

instagram/@zhahan_utargaliev
Реклама
Реклама

Өнер иесі жұбайына тосыннан жаңа пәтердің кілтін сыйлап, өмірлеріндегі жаңа кезеңнің басталғанын жеткізді.

"Біздің де перзент сүйетін күніміз келсін деп тілеймін. Сен менің жанымда болып, әрдайым демеу көрсеттің. Алғысым шексіз. Енді бізде өз шаңырағымыз бар", – деп жазды Жахан жеке парақшасында.

Жахан бұған дейін отбасын құрғанын мәлімдеген. Ол бұл жолғы некені шын жүректен қалағанын айтып өтті.

"Шынымен де үйленіп, өмірлік серігімді тапқым келді. Алладан тілек тілеп, болашақ жарымның бейнесіне дейін елестеттім. Сөйтсем, дәл сол уақытта ол да қасиетті Меккеде жұбай сұрап жүрген екен. Ең қызығы — күйеуінің әзілқой болғанын қалапты. Бұл мені таңғалдырды", – деді актер.

Меккеден оралған соң Жахан жақын таныстарының бірі ұсынған бойжеткенмен танысып, әңгімелері жараса кеткенін айтады.

"Жеке парақшасын көріп, реакция жібердім. Ол да жауап қайтарды. Біраз сөйлескеннен кейін, бірден үйлену туралы ұсыныс жасадым. Ол күлді де, “Аға, сіз асығыс сияқтысыз ғой” деді. Бірақ солайша әңгімеміз жарасып, үш кездесуден кейін үйлендік", – деп еске алады ол.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары