Димаштың інісі "Тау ішінде" челленджін ерекше видеомен қолдады (ВИДЕО)
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің туған інісі — Мансұр Құдайберген ағасының жаңа бастамасын креативті видеомен қолдады. Бұл видео — Димаштың "Тау ішінде" атты комедиялық клипіне арналған челлендж аясында түсірілген.
Димаш желіде челлендж жариялаған еді
Бұған дейін Димаш Құдайберген өзінің жаңа клипінің шығатын күнін жариялап, жанкүйерлер арасында интернет-челлендж бастаған болатын. Ерекше видеомен көзге түскен жеңімпаз әлемнің бір қаласында өтетін жеке концертіне жолдама ұтып алады.
Мансұр — қолдау білдірді, бірақ жарысқа қатыспайды
Мансұр өзінің видеосын желіде бөлісіп, бұл жұмыстың тек көңіл көтеру мен шабыттың нәтижесі екенін атап өтті. Ол бұл челленджге қатыспайтынын бірден ескертіп қойды:
"Бұл видео – көңіл көтеріп, аздап әзіл мен шабыттан туған ойларды жеткізу үшін түсірілді (әлде шабыт емес, қысым ба — кім білсін). Қысқасы, қатал бағаламаңыздар — күліп қарап қойсаңыздар болғаны!" – деді Мансұр.
- “Керемет шыққан, Мансұр! Ең бастысы — барлық жерде түріңнің байсалды қалпын сақтағансың”,
- “Тамаша қолдау көрсеткен”,
- “Жарайсың, Мансұр! Ән нағыз жүрекке жететін екен, қайталап айтып жүрмін”,
- “Браво! Алғашқы бастама үшін өте жақсы. Бұл клип байқаудан тыс болғаны дұрыс-ақ”, — деп Мансұрдың еңбегін желі қолданушылары жоғары бағалады.