"Өзіме үкім шығармаймын": Қайрат Нұртастың жары мини кигені үшін айтылған сынға жауап берді

Редактор Penalty.kz
13.05.2025, 20:30

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса әрі төрт баланың анасы Жұлдыз Әбдукәрімова әлеуметтік желіде сынға ұшырады.

instagram/@zhuldyzabdukarimovaofficial

Жұлдыз Әбдукәрімова – сынның нысанасында

Instagram қолданушылары оның қысқа киім киген суреттеріне наразылық танытып, көпбалалы анаға тән киім үлгісін ұстануға үндеді.

  • "Мұндай қысқа киімді киюге ар-ұятыңыз қалай жетеді?"
  • "Киіміңізді ұзартсаңызшы, төрт баланы дүниеге әкелдіңіз ғой" 
  • "Ұят деген болу керек, қарапайымдылық қайда?" – деп жазды желі қолданушылары.
instagram/@zhuldyzabdukarimovaofficial сторис-скриншот 

Жұлдыздың жауабы: ар-ождан киіммен өлшенбейді

37 жастағы актриса бұл пікірлерге бей-жай қарамай, көпшілікке ашық жауап қайтарды. Ол аналық мәртебе киіну еркіндігіне шектеу болмауы тиіс екенін баса айтты.

"Адамның ар-ожданы киіммен өлшенеді деген өкінішті. Мен – төрт баланың анасымын. Бірақ бұл маған үкім шығарып, өзімді шектеу деген сөз емес. Өзіме үкім шығармаймын", – деді Жұлдыз.

instagram/@zhuldyzabdukarimovaofficial сторис-скриншот

Ол шынайы қарапайымдылық киіммен емес, адамның ішкі болмысымен өлшенетінін жеткізді:

"Кішіпейілділік – ол қарапайымдық, шынайылық, табиғилық пен еркіндік! Ал оны киім арқылы анықтау – таяз түсінік".

Қоғамдық көзқарас пен жеке еркіндік

Жұлдыз Әбдукәрімованың бұл пікірі қоғамда қызу талқылануда. Әлеуметтік желіде қолданушылар екіге бөлініп, бірі оның ашық пікірін қолдаса, енді бірі ұлттық дәстүр мен" ұят" ұғымын алға тартуда. Бұл жағдай тағы да бір мәрте әйелдердің киіну еркіндігі мен қоғамдағы моральдық нормалар төңірегіндегі пікірталасты күн тәртібіне шығарды.