Қазақстандық танымал әнші, 41 жастағы Мақпал Исабекова желіде көпшіліктің сүйіктісіне айналған балалары Теодор мен Илаяның жаңа суреттерін жариялады.
"Қараша" әні арқылы елге танылған Мақпал Исабекова Instagram парақшасының сторис бөлімінде балаларының суреттерін бөлісті. Фотокадрда Теодор мен Илая жайлы әрі жылы отбасылық атмосферада диванда қатар отыр.
Теодор ашық түсті киім киіп, басына панама таққан, ал Илая шие бейнесі бар шапка, кофта мен леггинс киген. Әнші бұл суретке қысқа әрі әсерлі жазба қалдырды: "Менің балаларым".
Тағы бір суретте Мақпал кішкентай Илаяны құшағына алып, махаббатқа толы көзқараспен қызына қарап тұр. Илая — былтырғы жазда дүниеге келген, бүгінде бір жасқа толмаған бүлдіршін.
Әнші қазір қызының жүзін жариялауға асығар емес. Желіде бөліскен екі суретте де баласының жүзін смайликтермен жауып қойған.