Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Ақбота Сейітмағамбет жаңа үйін көрсетті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
17.05.2025, 06:43

Отандық танымал әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет өзіне тиесілі жаңа баспанасын көрсетті. Instagram парақшасында жаңа шаңырағының алғашқы кадрларын жариялап, оқырмандарына қуанышын жеткізді.

instagram/@akbotanurabaykyzy

"Еңбектің өтеуі – өз үйіңнің табалдырығынан аттау"

"Қабырғасында – қажыр, терезесінде – үміт. Бұл үй – өмірімдегі жаңа белес, жаңа тыныс. Жетістікке жету жолында төгілген маңдай терімнің нәтижесі. Қадамымды берекелі болғай!", – деп жазды Ақбота өзінің жазбасында.

Әншінің жанкүйерлері мен әлеуметтік желі қолданушылары оның қуанышын бөлісіп, жүрекжарды тілектерін жарыса жазды.

"Шаңырағыңыз шаттыққа толы болсын!", "Құтты болсын! Армандарыңыз орындала берсін!", "Көп еңбектің қайтарымы көрініп тұр. Нағыз еңбекқор жансыз!", – деп ақжарма тілектерін жаудырған желі оқырмандары Ақботаның жетістігін жоғары бағалады.